На главную Контакты Карта сайта  
 
 

Сервер бойынша іздеу  
Облыстық белімдер


2008 жылдың 1 қаңтарына Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін ақпараттандыру

Білім беру жүйесін ақпараттандыру қазақстандық  білім беру үлгісіне үлкен жол ашады. Қазіргі заманда ақпараттық және коммуникациялық  технологияларды  игеру оқу, жазу сияқты  қасиеттермен бірге  тұр.


Осындай мақсатта облыста  Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы  кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.  Білім беру жүйесінің  алдында білім берудің ұлттық  үлгісін құру, оны  бүкіл әлемдік білім беру кеңістігінде интеграциялау  мақсаты  қойылған.

Президент  Назарбаев Н.Ә. 2007 жылғы 28 ақпандағы  Қазақстан халқына  Жолдауында он-лайн кестесінде  оқу практикасын дамыту, оқу теледидарын құру, сонымен қатар оқу жоспарына  ең алдымен  математика және информатикадан  қосымша сағаттар енгізуді  белгілеген.

Интерактивті ақпаратты- білім беру ортасына  облыста 78 мектеп кіреді. Бұл мектептер 2007 жылғы 07 маусымда өткізілген ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Интернет-конференциясына  қатысты. 2007 жылғы 3 қыркүйекте  бірінші рет Интерактивті сабақ өткізілді. Оған облыстағы Өскемен, Семей, Курчатов, Риддер, Зырян, Аягөз қалаларынан  бірнеше мектептен, Абай,Катонқарағай, Жарма, Бородулиха, Глубокое аудандарынан  бір бірден барлығы 78 мектеп қатысты.

2007 жылғы 9 қазанда «Қазақстан-2030» Стратегиясының қабылданғанына 10 жыл толу құрметіне ШҚ облысының Әкімі Ж.С.Кәрібжановтың қатысуымен  Интерактивті сабақ өткізілді. Оған облыс бойынша 80 мектеп қатысса  солардың 4-уі  «оn-lain»  кестесінде.

Сабақ ағылшын тілін тереңдете оқытатын  №31 мамандандырылған мектепте өткізілген болатын.Оқушылар облыс Әкіміне  интерактивті тақтаның мүмкіншілігін көрсетті. Жабдықтар қондырғыларын  мектеппен бірлесіп орнатқан «Білімдегі жаңа технологиялардың ШҚ аймақтық орталығы» ММ  (директоры Джексенев З.Ю)  және Өскемен қаласының ресурстар орталығы» ММ (директоры  Исқақов Б.А.). Сабақ ойдағыдай өткізілді. Қазір Интерактивті сабаққа деген  қызығушылық арта түсуде. Алдағы уақытта  неғұрлым өзекті проблемалар бойынша өткізіп отыру қажет.

Қатыса алмаған мектептер  «Өскемен Қазақстан-1» телеарнасы  бойынша берілген трансляция арқылы  сабақты тамашалады. 9 қазан сағат 17.00 –де аудан мектептері, ал 10 қазан күні сағат 9.30-да  Өскемен қаласының мектептері. Сондай-ақ 12-нен 14 қазанға дейін үш күн бойы облыс жұртшылығы  көре  алды.

2008 жылы ШҚО 61 мектебінде Мультсервисті интерактивті ақпараттық білім беру ортасын  (МИАО) құруға жабдықтар қою жоспарланып отыр. Оған 84 650 мың теңге бөлінген. Мұның өзі жоғары білікті мұғалімдердің, ғалымдардың іс-тәжірибелерін таратып, оқу сапасын  арттыруға мүмкіндік жасайтын ауылдық білім беру  инфрақұрылымының  интегралдық өзегі  болмақшы.

МИАО Интернетке  шектелусіз кіруге,әдістемелік көмек көрсету үшін  On-lain,  of – кестесінде бейнеконференциялар өткізуге, оқу үрдісінде, мектеп басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолданып, оқытушыларды даярлауды жетілдіруге, кәсіби  өсуіне  жағдай туғызады. Мультсервистік  орталық  профилдік (базалық, республикалық) мектептердің шағын жиынтықты мектептердің   қызметіне ықпалын күшейтеді, 12 жылдық оқуға көшуге дайындықты қамтамасыз етеді, білім беру үрдісінің  тиімділігін  арттырады. 

Жаңа ақпараттық технологияның  өзіне тән қасиеті ерекшеленген орта болып саналады. Оның құрамды бөліктері : техникалық, бағдарламалық- технологиялық, ұйымдастыру-әдістемелік және білімнің пәндік салалары.  Оқу теледидарын  ұйымдастырып, кеңейту үшін  2002 жылдың шілде айынан бастап «Қашықтықтан оқытудың  спутниктік  арнасы»  жобасы жүзеге асырылуда. Спутниктік арнаға  бірінші болып Батыс Қазақстан мен  Шығыс Қазақстан облыстары  қосылды. Үстіміздегі жылдың  аяғына дейін  тағы да 27 білім беру ұйымында компьтерлік сыныптардың  жиынтықтары және қашықтықтан оқытудың  спутниктік арнасын  (ҚОСА)  қабылдайтын  жабдықтары орнатылмақ. Облыста  437 мектеп  ҚОСА  жобасына қосылған. 2008 жылы тағы да 30 мектепті қосу үшін  4 500 мың теңге  бөлініп отыр.

2008 жылдың 01 қаңтарына 784 мектеп  Интернеттің ауқымды желісіне қосылды. Бұл барлық мектептің  (791 мектеп)  99,1 %7 Бұлардың  606-сы ауылдық жерлерде.—99,2 %.  2006 жылы Республикалық бюджеттен 45 500 мың теңге, соның ішінде  15 200 мың  теңге Интернет  қызметін төлеуге бөлінген. 2007 жылы Интернет желісіндегі трафиктік  жұмыстарды төлеуге бөлінгені 41580 мың теңге. Осыған байланысты оқушылар ақпараттық-танымдық ресурстарға қол жеткізді.

Облыста мектептердің 100% компьютерлендірілген. Үстіміздегі жылдың өзінде ғана облыс білім беру ұйымдары үшін 2378 компьютер алынды. Оның 1420-сы жергілікті бюджеттен.  Облыста мультмединді, лингафонды кабинеттердің орнатылуын ескерсек  компьютерлік техниканың бірлігі 11 889-ға жетіп отыр.

Бір компьютерге адамдар қатынасының саны 16,6 адам/ком. Ауыл мектептерінде 12,9  адам/ком.

Мектептердің мультмединді, лингафонды кабинеттермен жабдықталып, тиімді пайдалануы Қазақстан Республикасында бірнеше шет тілдерін білетін көптіліді  азаматтарды  тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік туғызады.  2006 жылы Қазақстан-Сингапур  жобасының шеңберінде  қазіргі заманғы техникамен жабдықталып, Интернетке қосылған 83 мектепте   ЛМК орнатылды. Оның 82-сі ауыл мектептері.

Әрбір лингафонды, мультмединді кабинет қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде 7-11 сыныптарға арналған электронды оқулықтармен жабдықталған. 2007 жылы  БЖТШҚАО-да  компьютер  базасында ЛМК ұйымдастыру үшін  «Пифагор» бағдарламалық кешенін пайдалану жөнінде семинар өткізілді.
2007 жылы Республикалық бюджеттен 76 физика кабинетінің жабдықтарын алуға 321 480 000 теңге бөлінді. Қаржыны үнемдеу есебінен  68 250 000 теңгеге  тағы да 26 кабинет орнатылды.

2007 жылы жергілікті  бюджеттен  пәндік кабинеттер қойылған :
1. физика—17 кабинет—75 190 000 теңгеге.
2. химия-24 кабинет- 78 360 000 теңгеге.
3. биология—17 кабинет—55 050 000 теңгеге.

2008 жылы Республикалық бюджеттен 428 333 000 теңгеге 122 физика кабинетін  орнату жоспарланып отыр.
Облыста терминалдық шешімнің негізінде ескірген есептеу техникасын жаңарту жұмыстары жүргізіле бастады. Аталған  әдіс компьютерлік паркті толық  жаңартпай-ақ  ескіргендерін де  пайдалануға, бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға үнем жасауға  мүмкіндік  туғызады. 2007-2008 оқу жылынан бастап  облыстың  10 мектебіне терминалды  сыныптар  қойыла бастады.

 

 

07.01. – 03.06.2008 жыл аралығында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын іске асыру бойынша жоспар-графигін жан-жақты орындау туралы ақпарат.

2008 жылға 42 827 адамды оқыту жоспарланған, оның ішінде:
- Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері – 5 920 адам;
- Бюджеттік ұйымдағы қызметкерлер мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орындарында тіркелген, жұмыссыз халық – 22 600 адам;

Бюджеттен тыс саладағы және өзге санаттағы азаматтар – 10 307 адам;
Балалар үйінің тәрбиеленушілері және қызметкерлері – 4 000 адам.

Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін 2008 жылға «Электрондық үкімет» шеңберінде адамдық капиталды дамытуға республикалық бюджеттен трансферттер – 220 млн. 775 мың теңге бөлінген.

Барлығы облыс бойынша 245 компьютерлік сыныптар ұйымдастырылды, нақтырақ алғанда:

  1. облыс қалаларындағы, аудандарындарындағы мемлекеттік қызметкерлерді оқытуға – 24 сынып;
  2. Бюджеттік ұйымдардағы жұмысшыларды, Шығыс Қазақстан облысының қала аудан әкімдіктеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында тіркелген жұмыссыздарды оқыту үшін – 30 сынып;
  3. Бюджеттен тыс ұйымдардың жұмысшыларын және өзге санаттағы азаматтарды (жазғы демалыс мезгіліне) оқыту үшін – 175 сынып.
  4. Балалар үйінің тәрбиеленушілерін оқыту үшін – 16 сынып. Кабинеттер аумағы 15+1 жұмыс орындарын орналастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні 70 сынып жұмыс жасайды.

31 сәуір мен 30 мамыр аралығында оқудан және тестілеуден 4 327 адам өткен, оның ішінде:
400 – Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері;
3 674 – Бюджеттік ұйымдағы қызметкерлер мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орындарында тіркелген, жұмыссыз халық;
253 – Балалар үйінің тәрбиеленушілері және қызметкерлері.

2008 жылғы 4.02-30.05. аралығында барлығы оқудан және тестілеуден 12 922 адам өтті, оның ішінде:
1 231 - Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері;
10 369 - Бюджеттік ұйымдағы қызметкерлер мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орындарында тіркелген, жұмыссыз халық;
1 322 - Балалар үйінің тәрбиеленушілері және қызметкерлері.

Компьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс (600 компьютер, 60 принтер, 60 сканер) 2008 жылдың 23 мамырында өтуі керек болған. «Білім Департаменті» ММ үшін, конкурс әдісі бойынша мемлекеттік сатып алу ережелерінің 124т); 3тш. сәйкес, компьютерлік сыныптарды мемлекеттік сатып алуды іске асыру.

Шығыс Қазақстан облысының білім Департаментінің директорымен  2008 жылғы ақпанда ақпараттық технологиялардың айлығын өткізу бойынша шаралар жоспары бекітілді, оның шеңберінде мынадай шаралар өтілді:
19-23 мамыр аралығында ШҚОБҚБЖ жәнеҚДН базасында АТТ бағдарламасы бойынша жаттықтыру курстары өтті, онда 26 жатықтырушы даярланды және сертификатталды.

 


Телефон/факс:
570-149
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Карл Либнехт көшесі, 19

Copyrifht © 2007-2009
Hosting & Design Rating Telecom