|
«Дарындыларға –ақ жол» атты дарынды оқушылармен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлымен кездесуінің қорытындысы
2010 жылы 19 маусымында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен қаласының Республика алаңында облыстың жас түлектердің балы өтті осының аясында «Дарындыларға –ақ жол» атты дарынды оқушылармен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлымен кездесуі өткізілді.
Кездесудің қатысушылары дарынды оқушылар – республикалық және халықаралық интеллектуалдық олимпиаданың және жарыстардың және облыстық мамандандырылған мектептердің жалпы орта білім беретін «Алтын белгі» аттестатын иегерлері болды.
Олардың ішінде:
- 37 халықаралық олимпиаданың және оқушылардың ғылыми жарыстардың жүлдегерлері;
- 13 оқушылардың республикалық ғылыми жарыстардың жүлдегерлері;
- 7 ғылыми негіздері бойынша оқушылардың рсепубликалық олимпиадасының жүлдегерлері;
- 25 жалпы орта білім беретін «Алтын белгі» аттестатын иегерлері.
Кездесу кезіңде облыс әкімі қатысушыларға құттықтау сөзімен сөйледі. Бердібек Мәшбекұлы қатысушыларға алғыс хат және сыйлықтар (сандық видеокамера, сандық фотоаппарат, флэш-карталар), «Шығыс дарындылары» атты кітап сондай-ақ ең үздік «Алтын белгі» төс белгілерін марапаттады.
|