|
|
|
Шығыс Қазақстан облысының білім жүйесін 2009 жылғы 1 наурызға арналған ақпараттандыру
ШҚО ақпараттандыру мәселесімен «БЖТШҚАО» ММ айналысады. Білімді ақпараттандырудың негізгі бағыттары болып білім беру ұйымдарын компьютерлеу; Интернет-сызығын қамтамасыз ету; білім басқармасының ақпараттандыру жүйесін енгізу (ИСУО); қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және объективтік-бағытталған бағдарламалар негізінде оқуға арналған отандық бағдарламалық құралдарды жасау; оқу теледидары және мектептегі теледидарлық техникалық орталықтарды құру; ара қашықтық формасын дамыту, Бұл бағыттар ұлттық білім моделін жақсартуда анық болды. ШҚО 767 мектеп, олардың ауылдық мектептер 608. Облыста 100% компьютерленген. Жыл сайын облыстық бюджет есебінен компьютерлік парктің жаңаруы өткізіледі. Эти направления 2008 жылы жергілікті бюджеттен (5+1) конфигурациясы бар 29 мектептің толық жиынтықталуы және (10+1) конфигурациясы бар 48 мектептің, кәсіптік мектеп үшін мультимедиялық сыныптың ескі техникасын ауыстыру жасалды. Барлығы 2008 жылы облыстың білім беру ұйымдары үшін 2 832 компьютер алынды, олардың ішінде 917 облыстық бюджеттен (ол 2007 жылдан 267 брлікке көп) және 600 компьютер республикалық бюджеттен, 1315 компьютер лингафонды мультимедиялық кабинеттерінде. Барлығы ШҚО мультимедиялық лингафонды кабинеттерді жеткізуді есептей отырып компьютерлік техниканың 24 591 бірлігі, оның ішінде жаңа техниканың 14 586, ескі техниканың-9868, есептен жығарылған техниканың – 137 бірлігі.
Жаңа ақпараттық технологиялардың айрықша белгілері болып іске асырылатын ерекше орта болып табылады және онымен байланысты компоненттер: білімнің техникалық, бағдарламалық-технологиялық, ұйымдастыру-әдістемелік және пәндік аймағы. Оқу телевидениесін ұйымдастыру және кеңейту үшін 2002 жылғы маусымнан бастап «Ара қашықтықтан оқутудың спутниктік арнасы» жобасы іске асырылады.
2009 жылғы 1 наурызда 30 білім беру ұйымдарында компьютерлік сыныптардың жиынтығы және ара қашықтықтан оқытудың Спутниктік арнасын қабылдау үшін жабдығы орнатылды. (АОСА) Барлығы облыс бойынша 491 ара қашықтықтан оқытудың Спутниктік арнасын қабылдау үшін жабдығы жиынтығы орнатылды.
БЖТШҚАО инновациялық шешімі шеңберінде компьютерлік техникамен жабдықталу көрсеткішін жақсарту үшін терминалдық шешім негізінде ескірген есептеу техникасының модернизация әдісі ұсынылды және жаппай енгізілді. Бұл әдіс компьютерлік парктің толық жаңаруынан құтқарады және қолда бар ескірген компьютерлерді қолдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар бағдарламалық жасақты сатып алуда үнемді. 2008 жылы облыс мектептерінде 10 терминалды сынып орнатылды.
| Бір компьютерге оқушылар саны |
|
| Адамдар санының 1 компьютерге арақатынасы 2008 жылы 12,8 а/комп құрады. 2007 жылы - 16,6 а/комп. |
|
Облыста білім беру ұйымдарының ауқымды жүйе – Интернет жүйесіне кезеңдік қосылу үрдісі іске асырылады.
01.03.2009 жылға 760 мектеп қосылған, ол жалпы мектептер санының 99,1 % құрайды (767 мектеп), оның ішінде 608 ауылдық, ауылдық мектептердің жалпы санының 99,1 % құрайды. Жалпы мектептер санынан: 122 мектеп спутниктік арна бойынша қосылған және 139 мектеп ADSL технологиясы бойынша кеңжолақты кіру арқылы қосылған. Интернетке 7 мектеп қосылмаған. Интернет желісіне қосылмаған мектептер кішіжиынтықты болып табылады және аудандық орталықтардан алшақ орналасқан алыс ауылдарда орналасқан, соған байланысты телефондырылуға мүмкіндіктері жоқ. Электрқуаты берілуінің өнемі болатын кедергілерінен спутниктік станциялардың орнатылуы мүмкін емес. 2008 жылы (Интернет) байланысының қызметтерін төлеуге 56337 мың. тенге бөлінді, олардың ішінде 53203,1 мың. тенге иемделді, жалпы соманың 88% құрайды, сонын арқасында оқушылар оқу, ақпараттық-танымдық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік болады.
Мектептер мультимедиялық лингафонды кабинеттермен жабдықталады (МЛК), олардың тиімді пайдалануы бізге Қазақстан Республикасы азаматтарының бірнеше шет тілдерін білетін көптілдік ұлттын өсіруге мүмкіндік береді. Әр лингафонды мультимедиялық кабинет 7-11 сыныптар үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде электрондық оқулықтармен жабдықталады. 2008 жылы республикалық бюджет есебінен 24 лингафонды мультимедиялық кабинеттері и 122 физика кабинеттері алынды. Жергілікті бюджеттен 37 лингафонды мультимедиялық кабинет.
Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде ақпараттық технологияларды қолдану оқудың жаңа дәрежесін ұйымдастыруға көмектеседі, олар арқылы облыстың мүғалімдерінің ең жақсы сабақтары аймақтың ең алшақ ұйымдарына қол жеткізерліктей болады. «Интерактивтік мектеп» жобасын кең қолдану қазақ мектептері түлектерінің бәсекеге қабілеттілігінің артуына мүмкіндік береді.
«Интерактивтік мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде облыс бойынша интерактивтік сабақтарға 78 мектеп қатысты. 01.03.2009 жылға интерактивтік тақтамен тағы да 61 мектеп жабдықталды, ол жалпы облыс бойынша 139 мектепті құрайды. Мектептерде «Интерактивтік тақталарды» енгізу оқу үрдісіне жағымды әсерін тигізеді, өйткені ол мұғалімдерге қосымша жеңілдік құрайды және оқушылардың қызығушылығын туғызады. Соған байланысты, ҚР білім және ғылым Министрлігінің вице-министрі К.Н. Шәмшидиновамен бекітілген жалпы білім беру пәндері бойынша интерактивтік сабақтардың 2008-2009 жылдарға арналған кестесіне сәйкес аптаның әр сейсенбі және бейсенбісінде Республика мұғалімдерімен интерактивтік сабақтар өтіледі.
Ұлттық ақпараттық инфроқұрылымның құрылуына әсер ететін факторлардың бірі, халықтың білім беру деңгейін көтеру болып табылады.
Бүгін, ақпарат әлемдік өркениеттің, ажырамас бөлігі ақпарат болған кезде, білім беру әр адамның жеке және кәсіптік табысының негізі болып қала береді. Оның жұмысқа тұру мүмкіндігіне және өмірлік деңгейге әсері бұрынғымен салыстырғанда едәүір жоғарлады. Негізгі біліммен және жаңалықты игеруден басқа, қазіргі заманның адамы ақпараттық ресурстарды жемісті қолдана білу керек.
Соған байланысты 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ересек халқы облыс мектептерінде компьютерлік сауаттылыққа үйретіледі. Барлығы облыс бойынша 245 компьютерлік сынып ұйымдастырылды, нақтырақ:
- қала, аудан, облыста мемлекеттік қызметкерлерді оқуту үшін;
- Шығыс Қазақстан облысының бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органында және қала аудан әкімдіктерінде тіркелген жұмыссыздарды оқыту үшін – 30 сынып;
- бюджеттен тыс ұйымдардың қызметкерлерін және өзге санаттағы азаматтарды(жазғы демалыс кезінде) оқыту үшін – 175 сынып, олардың 62 облыс мектебі, СИН бағдарламасын іске асырудың жоспар-графигіне сәйкес, компьютерлік техниканың 600 бірлігі толық жиынтықталды.
- балалар үйінің тәрбиеленушілерін оқыту үшін - 16 сынып.
2008 жылғы 4 ақпаннан – 25 желтоқсан аралығында оқудан және тестілеуден 48 186 адам өтті, ол жоспарланған санның (41 520), 112 % құрады онын ішінде:
- 5 033 адам – Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері (85 %), облыстың қала, аудан әкімдіктерінің мәлеметтері бойынша осындай оқытылғандар саныны қолда бар бос орындардың есебінен пайда болды. Егерілмеген бюджеттік қаражаттар бюджетке қайтарылды;
- 29 219 адам - бюджеттік ұйымдар қызметкерлері және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органында тіркелген, жұмыссыз халық (129 %);
- 2 945 адам – балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жұмысшылары (68 %) .
Сонымен қатар 2008 жылы 12 925 мектеп түлектерінің, 1739- КМ түлектерінің, 7703 колледж түлектерінің компьютерлік сауаттылығының тестілеуі өтті. Барлығы 22 367 оқушы, жоспарлық саны кезінде 19 077, тестілеу хаттамаларының түпнұсқалары қағаз нұсқада, қойылған қолмен бекітілді және сәйкес мөрмен куәландырылды, ҰАО АҚ жіберілді.
Ақпараттық теңсіздікті төмендетуді іске асыру бойынша ақпараттық технологиялардың аймақтық айлығын өткізу шеңберінде мынадай шаралар өткізілді:
19-23 мамыр аралығында ВК ИПК ПРО базасында СИН бағдарламасы бойынша жаттықтыру курстары өтті, онда 26 жаттықтырушы даярланыды және сертификатталды.
- 2008 жылғы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің базасында аудандық, қалалық, әкімдіктерінен және білім беру бөлімдерінен СИН бағдарламасының үйлестірушілері арасында «Шығыс Қазақстан облысында ақпараттық теңсіздікті төмендетіді практикалық іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
- 28 сертификат жасалды, олардың негізінде ТОО «Rating» 30000 теңге номиналындағы жеңілдікпен компьютерлік техниканы алу бойынша акция өткізеді.
- 2008 жылғы 28 қазаңда облыстың білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары арасында конкурс өткізілді.
- 2008 жылғы 5 қарашада компьютерлік сыныптардың оқытушы-жаттықтырушылары арасында конкурс өткізілді.
- 2008 жылғы 25 желтоқсанда ШҚО аудандарының үйлестірушілері арасында «ШҚО СИН бағдарламасын іске асырудің қорытындылары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
|