На главную Контакты Карта сайта  
 
 

Сервер бойынша іздеу  
Дарынды балалармен жұмыс

Талдау және есеп беру

Облыста дарынды балалармен жұмыс айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бұл – оқушылардың дарындылығын анықтау және дамыту бойынша қалыптасқан жүйенің көрсеткіші. Бұл бағыттағы жұмыс аймақтық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы арқылы облыс әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді.

Жүйеде орталықпен әртүрлі конкурстар, жарыстар мен олимпиадалар өткізіледі. Әсіресе, интеллектуалды конкурстар оқушылардың үлкен қызығушылығын туғызады. Мысалы, 2008 жылы логика бойынша облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» конкурсына облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 8142 оқушы қатысты, олардың 974-і жүлдегер болды. Республикалық интеллектуалдық «Ақ бота» марафонына облыстың 6142 оқушысы қатысты, оның 4004-і – ауыл мектептерінің оқушылары. Ең көп қатысушы оқушылар мына аудандардан болды: Өскемен, Семей қалалары, Үржар, Жарма, Глубокое, Көкпекті, Тарбағатай аудандары. 573 оқушы марафонның жеңімпаздары деп танылды.

Дарынды оқушыларды анықтау және шығармашылықтарын дамыту мақсатында жалпы білім беретін оқу орындарында 5-11 сынып оқушылары арасында Абай оқулары  жыл сайын өткізіліп отырады. Осы жылы облыстық кезеңде жүлделі орындарға ие болған оқушылар -  Семей қаласынан 3, Риддерден 2, Глубокое ауданынан 2, Зайсан ауданынан 2 және, (Салыстырма: 2006ж. – семей қаласынан 3, Риддерден 2, Глубокое ауданынан 1, Зайсан ауданынан 2,  Жамбыл ат. ДБА ОММГИ 1). Жүлдегерлер санын салыстырма талдау қатысушылардың сапалы дайындығы мен жүйелілігіне дәлел болатын тұрақтылықты көрсетеді.

Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары 2007 жылдың 4-7 қыркүйек аралығында болған VIII республикалық Абай оқуларына қатысты.  Конкурс қорытындысы бойынша облыс әкімінің құрылтайымен  бас жүлде (ноутбук) – Семей қаласындағы №32 ОМ 9 сынып оқушысы Айсұлу Омароваға берілді («Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша). Айсұлу Абай және Шәкәрімнің 420 шығармасын білетіндігін көрсетті. 1 орынға Семей қаласындағы №26 ОМ 10 сынып оқушысы Жасұлан Тажиев, ал 2 орынға Өскемен қаласындағы ДБА ОММГИ 11 сынып оқушысы Азамат Тасқараұлы ие болды.

2008 жылдың 10-16 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз ауылында болған Мақатаев оқуларына қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша бас жүлде Өскемен қаласындағы ДБА ОММГИ 11 сынып оқушысы Азамат Тасқараұлына табыс етілді.

2008 жылдың 24-27 ақпан аралығында облыс оқушылары Талдықорған қаласында  өткен «Жыр алыбы - Жамбыл» III Республикалық айтысына қатысты.  Айтыс қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Семей қаласындағы № 22 ОМ 11 сынып оқушысы Зейноллаев Жалғас марапатталды.

Интеллектуалды дарынды оқушыларды анықтау мақсатымен дәстүрлі түрде оқушылардың ғылыми жарыстары өткізіліп отырады. Жарыстың облыстық кезеңіне қатысу үшін облыстың әр оқу орындарынан 974 оқушы (864 жоба) өтінім берді. Құзырлы қазылар алқасының шешімі бойынша  169 жас зерттеушілер (162 жоба) іштей өтетін айналымға шақырылды.

Облыстық турдың қорытындысы бойынша 93 оқушы (87 жоба) жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. 14 оқушы (14 жоба) I дәрежелі дипломмен, 32 оқушы (30 жоба) – II дәрежелі дипломмен, 47 оқушы (43 жоба) – III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Екінші күні дәстүрлі түрде профилдік пәндері бойынша жарыстардың  республикалық кезеңнің I туры өткізілді. Осы жылы өту деңгейінен (60 ұпай) 59 оқушы (54 жоба) өтті.

2008 жылдың 23 ақпанынан 1 наурызына дейінгі аралықта жалпы білім беретін пәндер бойынша  оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарына Шығыс Қазақстан облысының командасы қатысты. Республикалық кезеңге 34 оқушы (31 жоба) шақырылды.

Жарыстың қорытындысы бойынша ШҚО командасы екінші жалпыкомандалық орынға ие болды. 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Жүлдегерлер  - 11 сынып оқушылары – профилдік пән бойынша Қазақстанның кез келген университетінен білім грантын алу дәрежесіне ие болды.

7 оқушы Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің мадақтама қағаздарымен марапатталды. Өскемен қаласындағы математика, физика, информатика бойынша дарынды балаларға арналған қалалық мамандандырылған мектептің 11 сыныптың үш оқушысына Алматы қаласындағы университеттерінде оқуға білім гранты табыс етілді.

 2008 жылдың 20-21 наурыз арадығында Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға дайындық барысында мектеп ішілік, аудандық, қалалық айналымдарды  ұйымдастыру бойынша кеңес беру, көшпелі семинарлар өткізілді.

Облыстық олимпиадаға іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ШҚО қала мен ауданның 80 мектебінен 350 қатысушы шақырылды, одан 27 команда таныстырылды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 189 жүлдегер анықталды. I дәрежелі дипломмен - 33, II дәрежелі дипломмен – 62, III дәрежелі дипломмен - 94 қатысушы марапатталды.

Оқушылардың республикалық олимпиадасының іріктеу кезеңіне қатысу үшін 95 оқушының жұмыстары жіберілді.
Павлодар қаласындағы республикалық кезеңге облыстың 45 оқушысы шақырылды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 13 оқушы жүлдегер атанды. (I орын – 1, II орын – 5, III орын – 7). ШҚО 5 оқушысы  Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысының командасы үшінші командалық орынға және «Ең үздік олимпиялық команда-2008» атына ие болды.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қ.О.Бітібаеваның атына, оның 40-жылдық ұстаздық еңбегінің құрметіне арналған  қазақ тілі мен әдебиеті бойынша аймақтық олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қарағанды облыстарынан 82 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 48 оқушы (I мест– 7, II  – 16, III - 25) жүлдегер атанды.

2008 жылы Орталықтың жоғары оқу орынына дейінгі орталықпен, Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ «Алтай» ғылыми-техникалық паркінің «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» зертханасымен  бірлескен бірнеше жобалары табысты түрде іске асырылды.

Төрт жыл бойы оқушылардың «Дарын» Виртуалды Академиясы ұйымдастырылып келеді. Оған 9-11 сынып оқушылары қатысты. Оқу математика, физика, информатика, химия пәндері бойынша арақашықтықта оқытудың қазіргі заманға сай ақпараттық технологияларын қолданумен іске асырылады.
Осы оқу жылында Виртуалды Академияға қатысуға облыстың әр аудандарынан 674 оқушы өтінім берді. Конкурстың қорытындысы бойынша 8 оқушы жеңімпаз атанды, соның ішіндегі екі оқушыға Д.Серкібаев ат.ШҚМТУ ректорынан білім гранттары табыс етілді, олар: Өскемен қаласындағы ОМ оқушысы Андрей Григорий және Өскемен қаласындағы №11 МГ оқушысы Ирина Клиновицкий.

Тағы да бір жоба -  оқушылардың облыстық арақашықтық олимпиадасы. 2008 жылы оған біздің облысымыздың әр аудандарынан 6-8 сынып оқушылары қатысты. Арақашықтық олимпиада қатысушыларының жалпы саны - әртүрлі типтегі 49 мектептен 241 оқушы болды. Олимпиада жүлдегерлері болып ШҚО-ның 76 оқушысы атанды.

Аймақтық Сырттай Оқыту мектебінің шеңберінде физика, математика, информатика, химия, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндерін тереңдетіліп оқытылады.

Жобалар бойынша ғылыми кеңестерді Республиканың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының оқытушылары ғана емес, шетел оқытушылары жүргізеді. Қазіргі уақытта Халықаралық Интеллект-Клуб «Глюон» ( Москва қ.) Президенті Владимир Васильевич Альминдеровпен, ФИДЖИП Халықаралық федерациясымен (Париж қ.), дарынды балалар бойынша  «Евроталант» европалық федерация президеннті, профессор Г.Томскиймен келісім жасалды.

Осы жылы Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың жоғары оқу орынына дейінгі дайындық Орталығымен бірлесе отырып Виртуалды Академия тыңдаушылары үшін және әртүрлі деңгейдегі интеллектуалды олимпиадалардың жүлдегерлері үшін АСОМ өткізілді. Оған Өскемен қаласынан және Ұлан ауданының әртүрлі оқу орындарынан 9-11 сыныптың 44 оқушысы қатысты.

Тағы бір нысанымыз – «Дарын» Жазғы Академиясы. Осы жылы бұл Жазғы Академия Астана қаласының 10 жылдық туған күніне арналды.

«Дарын» Жазғы Академиясының қатысушылары халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) олимпиадалардың, ғылыми жарыстар мен конкурстардың жүлдегер оқушылары болды, сонымен қатар білім бөлімдері ұсынған облыстың әр қала мен аудандарынан 5-10 сынып оқушылары болды.

С.Аманжолов ат.ШҚМУ, Д.Серікбаев ат.ШҚМТУ-дың озық ғалымдары тереңдетілген бағдарламамен физика, математика, ағылшын тілі бойынша лекциялар мен тәжірибелік сабақтар жүргізді.

«Дарын» Жазғы Академиясындағы оқу белсенді демалыспен үйлесті.

ШҚ АҒП «Дарын» орталық жұмысының нәтижелілігін  - облыстың құрама командасы республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жүлдегерлер қатарына соңғы төрт жылда тұрақты  кіріп келе жатқандығы дәлелдейді.

Халықаралық интеллектуалдылық олимпиадалар жеңімпаздарының қатары да ұлғайып келеді. Осылайша, Қанапин Нұрлан - Өскемен қ. ДБА ҚМФИММ оқушысы, (Тайвань) 2007 жылдың желтоқсан айында Тайпей қаласындағы юниорлар арасында физика бойынша халықаралық олимпиаданың күміс алқа иегері, 2007ж.; 2008 жылдың наурыз айында Алматы қаласында өткен  XX Азия-Тынық мұхиттық халықаралық математикалық олимпиаданың қола алқа иегері атанды.

2008 жылдың қаңтар айында математика және физика бойынша Халықаралық Жаутықов олимпиадасына облыс оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша үш қола алқа иеленді. (Ержан Сәрсенов - Өскемен қаласындағы ОМҚТМЛИ оқушысы, Андрей Сидоренко,  Мерей Жолдас – Семей қаласындағы ОМҚТМЛИ оқушысы).

2008 жылдың сәуір айында Улан-Батор қаласында (Монғолия) физика бойынша  XI Азиялық олимпиада өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша қола алқа жүлдесіне Семей қаласындағы ОМҚТМЛИ оқушысы  Андрей Сидоренко ие болды.

 «Компьютерлік физика – 2008» халықаралық турнирында 1 дәрежелі дипломмен  Өскемен қаласындағы ОМҚТМЛИ оқушысы - Амир Мусин марапатталды. ШҚО командасы компьютерлік шығармашылық сайысында 2 орынға ие болды.  

2008 жылдың 28 сәуірінен 4 мамыр аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) химия бойынша Халықаралық Менделеев олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша Семей қаласындағы ОМҚТМЛИ оқушысы – Аян Жүмекенов қола алқа иегері атанды.

2008 жылдың мамыр айында облыстың 7 оқушысы Салоники қаласында өткен (Грекия) «Балалар.Интеллект.Мәдениет» Халықаралық фестиваліне қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша облыстың барлық оқушысы жүлделі болып оралды.  

 

 

 

 

 

 


Телефон/факс:
570-149
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Карл Либнехт көшесі, 19

Copyrifht © 2007-2009
Hosting & Design Rating Telecom