На главную Контакты Карта сайта  
 
 

Сервер бойынша іздеу  
Дарынды балалармен жұмыс

«Дарын» Аймақтық Сырттай Мектебі

«Дарын» Аймақтық Сырттай Мектебінің мақсаты ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтеру, оқушылардың ғылыми жарыстары және ғылым негіздері бойынша республикалық, облыстық олимпиадаларда жоғары жетістіктерге жету нәтижесі және тәжірибе жинау болып табылады.  

«Дарын» САМ аясында физика, математика, информатика, химия, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндері тереңдетіліп оқытылады. Сессия жылына екі рет облысымыздың жоғары оқу орындарында, осы университеттердің кафедралары бекіткен  бейімдік бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Жоғары оқу орындарының қазіргі уақыттағы жабдықтармен  жарақталған зертханаларында өздерінің зерттеулерінің тәжірибелік бөлігін тексерулеріне мүмкіндіктері болады. Көктемгі сессия кезінде республикалық ғылыми жобалар жарыстарының 4-ші кезеңіне қатысу үшін оқушылар тереңдетілген дайындықтан өтеді.

Осы оқу жылында «Дарын» АСМ-нің жұмысына физика-математика ғылымының кандидаты, доцент М.В.Ломоносов атындағы Москва Мемлекеттік университетінің, ММУ-нің жанындағы академик А.Н.Колмогоров атындағы физика-математика мектебінің оқытушысы, 16 кітаптың және 200-ден аса ғылыми, әдістемелік және кең тараған ғылыми мақалалардың авторы, наулы семинарлардың, курстардың, орта және жоғары мектептерде математиканы оқыту әдістемесі бойынша лекциялардың ұйымдастырушысы, "Квант", "Mathematics and Informatics quarterly", "Mathematics Competitions" журналдарының редакция алқасының мүшесі Валерий Васильевич Вавилов қатысты.

САМ-ке Шығыс Қазақстан облысының дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мамандандырылған мектептердің 50 оқушысы, сонымен қатар математика пәні бойынша әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға оқушыларды дайындайтын 20 мұғалім қатысты.  

Математика пәнінің мұғалімдеріне мастер-кластар, лекциялар және «Шығармашылық сабақтары», «Математикалық есептерді шешудің 7 түрлі тәсілдері», «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша  тәжірибелік сабақтар өтті.

Оқушылар үшін негізгі курстан басқа, халықаралық және республикалық олимпиаданың жеңімпаздарымен математика бойынша әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін жеке сабақтар жүргізілді.

В.В.Вавиловтың сабақтары оқушылардың математика ғылым әлеміне терең енулеріне, облыстық, республикалық ғылыми жарыстар және ғылым негіздері олимпиадаларында жоғары жетістіктерге жетудегі оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтерулеріне мүмкіндіктер берді.


«Дарын» АСОМ-нің кейбір тапсырмалары

 


Мекен-жайы: г.Усть-Каменогорск, ул. Карла Либнехта, 19
Сайттын әкімшілігі: ipo_ekrgcnto@mail.ru, Телефон:8(7232)47-33-33, 8(7232)47-92-82
Количество посетителей сайта: 312960

Copyrifht © 2007-2010
Hosting & Design Rating Telecom